top of page

                                  Құрметті оқырмандар!

    Әйгілі мемлекет қайраткері,  ірі  биолог-ғалым, ауыл шаруашылығы саласының бірқатарын дамытуға елеулі үлес қосқан  Кәрім Мыңбаевтың туғанына  биыл 110 жыл толайын деп отыр.  Тағдырдың жазуымен Кәрім ағамызға ұзақ өмір сүру жазбапты.  Бірақ ол кісінің есімі ұмыт қалған емес.  Нұра ауданының кітапханалары  К. Мыңбаевтың әр мерейтойын өткізуге ат салысады. Ғалым туралы жарық көрген әрбір мақала, ақпаратты назарсыз қалдырмайды.  Бүгінде кітапханалар  қорында қалыптасқан ғалым ағамыз туралы мәлімет, деректермен оқырмандарымызбен бөліскен дұрыс сияқты.

bottom of page