top of page

Алаш асылдарын жырлаған

   Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Махмет Теміров мұрасы – осынау қағиданың дәлелі мен айғағы. Келесі бөлімді Нұра ауданының орталық кітапханасы қорындағы, Махмет Теміровтың қаламынан туындаған шығармаларына арнауды жөн көрдік.

Арман мен азап.png

  Темірұлы, М. Арман мен азап: Естелік / М. Темірұлы.-Алматы: Санат, 1998.- 160 б.

   Автор бұл естелігінде белгілі ақын, ғалым марқұм Бүркіт Ысқақұлы екеуінің қуғын-сүргінге қалай ұшырағанын, кеңестік лагерьлерде бастан кешкен тақсыретттерін баяндайды.

Қуаң қазақ азаттық алғанына.png

  Темірұлы, М. Қилы кезеңдер: поэмалар, толғаулар, аңыз, дастан, жыр, мысалдар / М. Темірұлы.- Қарағанды, 2010.- 262 б. 

    Ақын Махмет Темірұлының бұл жинағына сонау елуінші жылдардан бері жазған жыр маржандары кіріп отыр. Жинақтағы толғаулар тарихи тұлғаларға бағышталған. 

Азаттық аңсап азап шеккендер  (1).png

    Темірұлы, М. Азаттық аңсап азап шеккендер / М. Темірұлы.- Алматы: Арыс, 2013.-240 б.

      Бұл туындысында М.Темірұлы көрнекті қалым, қоғам қайраткері Бүркіт Ысқақовтың өмір жолын тілге тиек ете отырып, қазақ халқының басынан өткен ауыр тарихи шындық - қызыл империя әкелген зұлмат аштық, қасіретті қуғын -сүргін, қайғылы соғыс тауқыметін баяндайды.

bottom of page