top of page

       Бұл  бөлімді  Нұра ауданының орталық кітапханасы қоры құрамында  орын тепкен, көп жылдар бойы жинақталған  С. Талжановтың  қаламынан туындаған шығармаларына арнауды жөн көрдік. Асыл аға,  дархан дарын иесі,  қадірлі жерлесіміздің еңбектері елеусіз қалмасын,  жас ұрпақ, келер ұрпаққа ол кісінің өмір жолы үлгі-өнеге болсын ниеттеміз.

Талжанов С.

            Үш томдық шығармалар жинағы.  І том/С. Талжанов.- Астана, Ер-Дәулет, 2007. – 400 б.  – ISBN 9965-436-52-5.

     Филология ғылымдарының докторы, белгілі қаламгер, аудармашы Сәйділ Талжановтың туғанына 100 толуына орай жарық көріп отырған 3 томдық шығармалар жинағының  І томына  «Ұлдай кегі» мен «Сейфолланың Сәкені» атты хикаяттары енгізілген.

Талжанов С.

             Үш томдық шығармалар жинағы.  ІІ том/С. Талжанов.- Астана, Ер-Дәулет, 2008. – 400 б.  – ISBN 9965-436-52-5.

     Филология ғылымдарының докторы, белгілі қаламгер, аудармашы Сәйділ Талжановтың жарық көріп отырған 3 томдық шығармалар жинағының  ІІ томына  тіл мен әдебиет және аударманың теориясы жайындағы сүбелі зерттеулері, сондай-ақ, бағзы заманның даналығынан сыр шертетін, дүниежүзіне кең  тараған «Кәлилә мен  Димна» атты көне үнді ертегісі енгізілді.

Талжанов С.

             Үш томдық шығармалар жинағы .  ІІІ том/С. Талжанов.- Астана, Ер-Дәулет, 2007. – 368 б.  – ISBN 9965-436-52-5.

     Филология ғылымдарының докторы, белгілі қаламгер, аудармашы Сәйділ Талжановтың жарық көріп отырған 3 томдық шығармалар жинағының  ІІ І томына  қазақ әдебиеті жайлы зерттеу еңбектері, ой-толғаныстары, сын мақалалары, естелік әңгімелері  енгізілді.

 

Талжанов С.

            Шығармалары. І том: хикаяттар және әдеби зерттеулер/С. Талжанов.- Астана: Фолиант, 2013. - 336 б. – ISBN 978-601-292-781-8

           

      Филология ғылымдарының докторы, аудармашы Сәйділ Талжановтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясынан шығып отырған шығармалар жинағының І томына хикаяттары мен аударма мәселелері жайлы әдеби зерттеулері еніп отыр. Автор өмір шындығын көркем тілмен жтекізеді. Ал аударма жайлы дәлелді тұжырымдар келтіре отырып, ой қорытады.

Талжанов С.

            Шығармалары. ІІ том: әдеби зерттеулер/С. Талжанов.- Астана: Фолиант, 2013. - 376 б. – ISBN 978-601-292-786-3

           

 Филология ғылымдарының докторы, аудармашы Сәйділ Талжановтың «Сарыарқа кітапханасы» сериясынан шығып отырған жинағының ІІ томына қаламгердің қазақ әдебиеті жайлы зерттеу еңбектері, ой-толғаныстары, сын мақалалары, есетлік әңгімелері енгізілді.

 

     Степной сокол: повесть/С. Талжанов; авт. пер. с казах. И. Щеголихина.-Алма-Ата: Жазушы, 1966. – 165 с.

   Повесть Талжанова «Степной сокол» рассказывает о жизни и деятельности молодого Сакена Сейфуллина, выросшего в степном ауле, где царили патриархально-родовые отношения.

    Автор лично знал Сейфуллина с 1916 года и это выгодно отличает повесть Талжанова от других произведений о жизни и деятельности писателя.

   

Талжанов, С.

    Өткен күндер сөйлейді: естеліктер мен шежіре әңгімелер/ С. Талжанов.-Алматы: Жазушы,1979.- 348 б.

 Бұл жинаққа жазушының туған әдебиетіміз жайлы ой толғаныстарын баяндайтын эсселері, публицистикалық және сын мақалалары, естеліктері мен шежіре әңгімелері енгізілді.

bottom of page