Қадірлі оқырман !
Қайран, Нұра! Қайран атамекенім!
Жүрегімді жұлсам да аздық етермін.
Топырағыңнан айналайын, туған жер,
Еңбегіңді қашан ғана өтермін?"
"Ұлылық дегеніміз - қарапайымдылық". Ұлылар өмірде аспайды, таспайды, сондықтан көзге түсе бермейді. Өзінің тиесілі марапатын ести алмай кеткен асылдарымыз қаншама. Осындай ардақтыларымыздың бірі - Бүркіт Ысқақұлы. Сіздердің назарларыңызға Нұра ауданының тумасы, белгілі ақын,әдебиетші ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жастардың астыртын саяси ұйымы «ЕСЕП» негізін қалаушы - Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдығына арналған шағын сайтымызды ұсынамыз. Бүгінде кітапханалар қорында қалыптасқан еңбектері мен ақын туралы мәлімет, мақалалар, деректермен оқырмандарымызбен бөліскен дұрыс сияқты.